Skip to content

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Мектебіміздің кәсіптік бағдар беруші маманы Ерназар Ақмаржан 9–11 сынып оқушыларын емханаға экскурсияға апарды.

Экскурсия барысында оқушылар медицина саласының қыр-сырларымен танысып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысы, мамандықтардың ерекшелігі туралы мағлұмат алды. Бұл іс-шара оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына, қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік берді.

Мұндай танымдық кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға үлкен үлес қосады. 🩺✨