Skip to content

Кәсіптік бағдар – болашаққа бастар жол!

Мектебімізде 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Асмет-Улас» жоғары педагогикалық колледжінің мамандары оқушыларға оқу орны туралы толық ақпарат беріп, мамандық таңдаудың маңыздылығы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықтарына бағыт-бағдар алды. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың саналы таңдау жасауына үлкен мүмкіндік береді