«Тарих пен тіл – ұлттың мәңгілік мұрасы» қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Иса Ақбота мен Мырзабай Аружан үзіліс уақытында оқушыларға арналған қызықты әрі танымдық тапсырмалар ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар түрлі логикалық сұрақтарға жауап беріп, тілдік ойындар мен викториналарға қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Бұл іс-шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,үзіліс уақытын тиімді әрі мазмұнды өткізуге мүмкіндік берді.
KZ
