Skip to content

Құрметті аяулы аналар, ардақты ұстаздар, қадірлі арулар!

Сіздерді көктемнің ең көрікті де шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 🌷

Бұл мереке – мейірім мен нәзіктіктің, сұлулық пен ізгіліктің белгісі. Әйел – отбасының берекесі, қоғамның тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі. Сіздер білім мен тәрбие жолында аянбай еңбек етіп, жас ұрпақтың жарқын болашағына үлкен үлес қосып келесіздер.

Мектебіміздің дамуына қосып жүрген еңбектеріңіз, шәкірт тәрбиелеудегі табандылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңіз әрдайым жоғары бағаланады.

Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін. Әр шаңырақта шаттық пен береке орнап, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Көктемнің әр күні сіздерге қуаныш пен бақыт сыйласын!

Ізгі тілекпен,

Мектеп директоры: Икаева Улболсын Камидуллаевна