Skip to content

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған

✈️ «Басқа қалаға саяхат» атты танымдық жоба өз мәресіне жетті.

Бұл жоба барысында оқушылар өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу дағдыларын және белсенділіктерін көрсете білді. Қалалар туралы мәлімет жинап, қызықты таныстырылымдар жасап, өз ойларын еркін жеткізе алды.

🏆 Жобаның қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, жеңімпаз атанды.

🎉 Жеңімпаз оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Олардың еңбегі, ізденісі мен талпынысы жоғары бағаланды.

🌍 Ең бастысы — жоба жеңімпаздары танымдық саяхатпен Атырау қаласына бару мүмкіндігіне ие болды. Бұл сапар оқушыларымызға жаңа әсер сыйлап, еліміздің тағы бір әсем қаласын танып-білуге үлкен мүмкіндік береді деп сенеміз.

Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан сөнбесін!

Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз.

👏 Жеңістеріңіз құтты болсын!

Каламова Каусар

Сарсенбай Инабат

Нұрбекқызы Асылтас

Абилхайрқызы Аида

Абилхайр Гүлжайна