Skip to content

Мектебімізде “Digital Kids Camp” атты жазғы лагерьдің ашылу салтанаты өтті!

Жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуді мақсат еткен балаларға арналған “Digital Kids Camp” жазғы лагерінің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Салтанатты шара барысында оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, түрлі ойындар мен қызықты бағдарламаларға белсенді атсалысты. Лагерьдің негізгі мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, цифрлық сауаттылықтарын арттыру, достық қарым-қатынас орнату және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Алдағы уақытта лагерь қатысушыларын танымдық сабақтар, қызықты тренингтер, спорттық жарыстар мен шығармашылық шаралар күтуде.

Сонымен қатар, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай лагерь қатысушыларына тәттілер таратылып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйланды. Балғындардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің ажарын аша түсті.

✨ Балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас жазғы демалыс тілейміз!