Мектебіміздің 6-сынып оқушыларымен «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында «Досыңа қолыңды соз» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне қолдау көрсету және мейірімділікке баулу.
Тренинг барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар мен ойындарға қатысып, өзара сыйластық, сенім және қолдаудың маңыздылығы туралы ой бөлісті. Шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, достықтың қадірін тереңірек түсінуге ықпал етті.