Мектебіміздің психолог маманы Төлеуова Айдана 11-сынып оқушыларына «Мақсатқа жол – бүгіннен басталады» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар болашақ мамандық таңдауы, мақсат қою, өз-өзіне сенімділік пен мотивацияны арттыру бағытында түрлі жаттығулар орындады.
Оқушылар өз армандары мен алдағы жоспарлары туралы ой бөлісіп, мақсатқа жету жолындағы қадамдардың маңыздылығын түсінді. Тренинг жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл күй мен жаңа серпін сыйлады