Skip to content

Мектеп асханасында білім алушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында брокераж комиссиясы тарапынан жоспарлы мониторинг жүргізілді

Мониторинг барысында дайын тағамдардың сапасы, дәмдік қасиеті, иісі, түсі, пісу деңгейі және тарату температурасы тексерілді. Тағамдардың бекітілген ас мәзіріне сәйкестігі, тағам шығымы мен порция көлемі бақылауға алынды. 🍲

Сонымен қатар асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы зерделенді. Ас блогының тазалығы, ыдыс-аяқтардың жуылу сапасы, қызметкерлердің арнайы киіммен қамтылуы, қол жуу және дезинфекциялау талаптарының сақталуы қаралды. 🧼🫧

Азық-түлік өнімдерінің сақтау шарттары, тоңазытқыштағы температуралық режим, өнімдердің жарамдылық мерзімі мен таңбалануы тексерілді. ❄️📋

Мониторинг қорытындысы бойынша дайын тағамдардың сапасы қанағаттанарлық деп танылып, таратуға рұқсат берілді. 👍

Брокераж комиссиясы тарапынан асхана жұмысына тұрақты бақылау алдағы уақытта да жалғасатын болады.