Тренингтің мақсаты – педагогтардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, бір-біріне қолдау көрсету, ұжым ішіндегі жағымды қарым-қатынасты нығайту және кәсіби күйзелістің алдын алу.
Іс-шара барысында мұғалімдер түрлі психологиялық жаттығуларға қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті, жағымды эмоция алып, сергіп қайтты. Тренинг жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл күй мен мотивация сыйлады. ![]()
![]()
Осындай пайдалы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
KZ
