Николаевск станциясы (қазіргі Баутин ауылы) деп аталған елді мекендегі осы оқу орны 1875 жылдары жұмысын бастаған. Бұл шағын 3 жылдык приход мектебінде 1887 жылғы дерек бойынша 48 окушы болған (26 ұл, 22 қыз).
1928-1929 оқу жылы дерегі бойынша №3,4 Баутин мектептері деп көрсетілген. 1849 жылдан Николаевск атанган елдi мекен 1920 жылдан Баутин атанған.
1932 жылға дейін 4 сыныптық орыс тілді мектеп болған.
1932 жылдан қазақ мектебі, директоры Ғұсманов болған. 1939 жылы 7 мартта Баутин жетіжылдық мектебі, Т.Г.Шевченконың туғанына 125 жыл толуына орай Қазақстан Жоғарғы Советінің қаулысы Т.Г.Шевченко атымен аталды.
1955-56 оқу жылының соңында Баутиндегі А.М.Горький мектебіне косылады. Осы кезде бос қалған Т.Г.Шевченко есімі 1958 жылы қыркүйекте Аташтағы мектепке беріледі.
1959 жылы қайтадан бөлініп А.Е.Баутин атындағы жетіжылдық мектеп болады. (Директоры: Избасов Карлен). 1959-1960 оку жылында сегізжылдыққа айналады. Мектептен сегiзжылдық білім алғандар Форттағы С.М.Киров атындағы орта мектептен, А.М.Горький орыс орта мектебі жанындағы кешкі жұмысшы жастар мектебіне 9-10 сыныпты окып орта білім алды. Кейін Т.Г.Шевченко мектебi орта мектепке айналып, 1969-1970 жылдан 1975-1976 оку жылын қоса, Аташтан орта білім алуды жалғастырды.
1975-1976 оку жылында орта мектепке айналды, 1977 жылы алғашқы түлегін шығарды.
1981 жылы қыркүйекте жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Форт-Шевченко атқару комитеті шешімімен Аташтың үш көшесі мектептің окумен қамту аймағына берілді. Мектептің ұстаздар қауымы Аташ мектебінің ұстаздарымен толықты. 1997-1998 оку жылында Аташтағы мектеп жабылып, бір мектепке айналды. Аташтағы оқу үйі ғимараты А.Е.Баутин орта мектебінің бастауыш сыныптар филиалы болып қалдырылды. Онда 1- 4 сыныптар және мектепалды даярлык сыныптары окытылды.
Мектеп 2000 жылы 20 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1576 қаулысымен (Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Қ.К.Токаев) Жалау Мынбаев атындағы орта мектеп болып аталды.
2012 жылы мектеп-гимназияға айналды.
KZ
