Мектепте 8-сынып оқушылары арасында «Қатаң жаза қылмысты азайта ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сыни ойлау қабілетін дамыту және өз ойын дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету.
Дебат барысында оқушылар нақты мысалдар келтіріп, заң, тәртіп және адам құқықтары туралы өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушылардың сөйлеу мәдениеті, дәлел келтіру дағдысы және қарсы пікірді құрметтеу қабілеті айқын көрінді.
Аталған дебат оқушылардың құқықтық санасын арттырып, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Осындай мазмұнды іс-шаралар оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жол ашады.




KZ
