Skip to content

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп инспекторы ұл балалармен жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртіп сақтау, мектептің ішкі ережелерін орындау және қоғамдық орындардағы мәдениетті мінез-құлық мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар «мектепке әкелуге тыйым салынған заттар» тақырыбы да қозғалып, білім алушыларға қауіпті және рұқсат етілмейтін заттарды мектеп аумағына алып келуге болмайтыны ескертілді. ⚠️

Оқушыларға заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екені айтылып, жауапкершілік пен өзара сыйластықтың маңыздылығы түсіндірілді.

Мектеп тарапынан тәртіп пен қауіпсіздік мәселесіне тұрақты түрде назар аударылып, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. ✅