Skip to content

«Өмірге ИӘ деп айт!» онкүндігі

Мектебімізде «Өмірге ИӘ деп айт!» онкүндігі шеңберінде 6–9 сынып оқушыларына арналған «Өзіңді таны, өзіңді қабылда» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: Жасөспірімдердің өзін-өзі тануына ықпал ету, жеке тұлғалық ерекшеліктерін қабылдауға үйрету, өзіндік бағасын арттыру және өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.

Тренинг барысында:

🔹 өзін-өзі тануға бағытталған жаттығулар өткізілді;

🔹 оқушылар өздерінің күшті тұстарын анықтады;

🔹 ашық пікір алмасу ұйымдастырылды;

🔹 бір-біріне қолдау көрсету мәдениеті қалыптастырылды.

Шара оқушылардың белсенді қатысуымен, жылы әрі сенімді атмосферада өтті.