Мектебімізде «Өмірге ИӘ деп айт!» онкүндігі шеңберінде 7–11 сынып оқушыларымен «Менің өмірім – менің таңдауым» тақырыбында тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Білім алушыларға өмірдің құндылығын түсіндіру, саналы таңдау жасауға бағыт беру, жауапкершілік сезімін арттыру және жағымды өмірлік ұстаным қалыптастыру.
Кездесу барысында:
оқушылармен ашық форматта әңгімелесу жүргізілді;
өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік берілді;
түрлі психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, өмірлік құндылықтар талқыланды;
оқушылардың ішкі толғаныстары мен сұрақтарына арналған «Сенім жәшігі» қойылып, жасырын түрде пікір білдіруге жағдай жасалды.
Шара барысында білім алушылар белсенділік танытып, өз өміріне деген көзқарастарымен бөлісті. Жылы атмосферада өткен кездесуде өмірдің әр сәтін бағалау, қиындықтарды еңсеру жолдары және дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығы кеңінен айтылды.
KZ
