Skip to content

«Өмірге ИӘ деп айт!» онкүндігі аясында ата-аналарға арналған «Баланың өміріне бейжай қарамайық» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдердің психологиялық саулығына назар аударту және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Кездесу барысында:

🔹 бала өмірінің құндылығы мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды;

🔹 жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару жолдары түсіндірілді;

🔹 ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету бойынша ұсыныстар берілді;

🔹 ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.

Жиын барысында ата-аналар көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара тәжірибе алмасты. Баланың өміріне немқұрайлы қарамау – оның болашағына жасалған ең үлкен қамқорлық екені ерекше атап өтілді.