Skip to content

«Өмірге ИӘ деп айт!» онкүндігі аясында мектеп психологы Төлеуова Айдана мектеп педагогтарына арналған «Менің құндылығым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты: Педагогтардың кәсіби және тұлғалық құндылықтарын айқындау, эмоционалдық күйін тұрақтандыру, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру және ұжымдық қолдауды нығайту.

Іс-шара барысында:

🔹 «Мен кіммін? Менің күшті тұстарым» бағытында жаттығулар жүргізілді;

🔹 кәсіби құндылықтар мен өмірлік ұстанымдар талқыланды;

🔹 эмоционалдық күйді реттеуге арналған сергіту жаттығулары орындалды;

🔹 бір-біріне қолдау көрсету атмосферасы қалыптастырылды.

Тренинг жылы, ашық әрі сенімді ортада өтіп, педагогтар өз құндылығын сезініп, жағымды эмоция алды.