Skip to content

Отбасы күніне арналған «Әке – отбасының тірегі» атты даярлық сыныптары арасында спорттық сайыс өткізілді.

Сайыстың мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды ұйымшылдыққа, ептілікке және патриоттық рухқа тәрбиелеу.

Шара барысында әкелер мен балалар түрлі қызықты спорттық эстафеталарға қатысып, белсенділік пен ынтымақтастық танытты. Көңілді дода қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, отбасылық бірліктің маңызын арттырды. ✨

🏆 Нәтижесінде:

🥇 1-орын — даярлық “Ә” сыныбы

🥈 2-орын — даярлық “А” сыныбы

🥉 3-орын — даярлық “Б” сыныбы иеленді.

Ұйымдастырушы: даярлық сыныбы тәрбиешісі Оралбаева Н.