Skip to content

ПСИХОЛОГИЯ АПТАЛЫҒЫ

Мектебімізде «Өмірге “Иә” деп айт!» психологиялық онкүндігі аясында

«Өмір – ең үлкен құндылық» тақырыбында ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, психологиялық саулықты нығайту, өз өмірінің құндылығын сезіндіру.

Онкүндік аясында:

✨ ашылу салтанаты;

✨ «Өмір – ең үлкен құндылық» тақырыбында ақпараттық бұрыш безендірілді;

✨ мотивациялық жаттығулар жүргізілді;

✨ өмірлік қиындықтарды еңсеру, күйзелістің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған іс-шаралар оқушылардың эмоционалдық жағдайын қолдауға, өзіне сенімділігін арттыруға және өмірге деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.

📌 Психологиялық онкүндік аясындағы жұмыстар алдағы күндері де өз жалғасын табады.

Өмірді бағалайық, өмірге «Иә» деп айтайық! 💚