Skip to content

“Салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым” атты 9–10 сыныптар арасында викториналық сайыс өтті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың салт-дәстүр туралы білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыс 4 кезеңнен тұрды:

1️⃣ «Бәйге» – жылдам сұрақтар кезеңі.

Әр топқа 5–7 қысқа сұрақ қойылып, әр дұрыс жауапқа 1 ұпай берілді.

2️⃣ «Дәстүрді тап»

Салт-дәстүрдің сипаттамасы оқылып, қатысушылар оның қай дәстүр екенін табуы керек болды.

3️⃣ «Мақал – сөздің мәйегі»

Берілген мақалдың жалғасын табу немесе салт-дәстүрге байланысты мақал айту тапсырылды.

4️⃣ «Ситуациялық сұрақ»

Өмірлік жағдаяттар ұсынылып, сол жағдайға байланысты қандай салт-дәстүр қолданылатынын түсіндірді.

Сайыс барысында оқушылар ұлттық дәстүрлеріміз туралы білімдерін көрсетіп, тапқырлық пен белсенділік танытты.

🏆 Қорытынды нәтижесі бойынша:

🥇 І орын – 10 «Ә» сыныбы

🥈 ІІ орын – 10 «А» сыныбы

🥉 ІІІ орын – 9 «А» сыныбы

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақ халқымыздың салт-дәстүрін терең танып, құрметтеуге үйренеді. ✨