Skip to content

Сәттіғұл Жаңғабылұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектепте жаппай сынып сағаттары ұйымдастырылды.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның ұлттық рухты көтерудегі, елдік пен бірлікке үндеген мұрасының маңызы түсіндірілді.

Мақсаты – жас ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптеу, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыру.