Skip to content

«Тарих пен тіл – ұлттың мәңгілік мұрасы» қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы басталды!

Білім ордамызда ұлттың рухани қазынасын дәріптеуге бағытталған қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы өз жұмысын бастады. Апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың тарихқа, ана тіліне, әдебиетке, құқық пен қоғамтануға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Апталық аясында:

• ашық сабақтар;

• танымдық сайыстар мен зияткерлік ойындар;

• пікірталастар, дөңгелек үстелдер;

Барша білім алушылар мен ұстаздарды апталық шараларына белсенді қатысуға шақырамыз!

Тарих пен тіл – ұлттың тірегі, мәңгілік мұрасы!