Skip to content

“Таза Қазақстан” – жарқын болашақ кепілі!

“Таза Қазақстан” тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес мектебімізде түлектердің қатысуымен ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Аталған игі шара барысында мектеп бітіруші түлектер өз қолдарымен ағаш көшеттерін отырғызып, білім ордасының ауласын көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысты.

🌱 Шараның мақсаты:

Жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және мектеп аумағын көркейту арқылы болашаққа жасыл мұра қалдыру.

Акция барысында отырғызылған әрбір ағаш – түлектердің мектепке деген алғысының, құрметінің белгісі. Бұл бастама табиғатты қорғау ісіне қосылған маңызды үлес болып табылады.

🌳 Осындай игі дәстүр алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген сенімдеміз.

Таза орта – жарқын өмірдің негізі!