Skip to content

«Ұлттық тарих күні» – Қазақстан тарихын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды ұлттық жоба.

Осы жоба аясында 7–11 сынып оқушылары арасында өткен облыстық байқауға Маңғыстау облысы бойынша 116 оқушы қатысты. Түпқараған ауданы атынан Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары «КӨРМЕ» номинациясы бойынша бақ сынады.

🏆 Нәтижесінде:

🥇 Мырзағали Елдана – жоғары дивизион бойынша І орын иеленіп, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

🥇 Нұрғабыл Мөлдір – орта дивизион бойынша І орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.

🥉 Сұлтанғали Нұрасыл – жоғары дивизион бойынша ІІІ орын.

🥉 Шодыр Аида, Нұрабекқызы Нұрсәуле, Балтабай Ләйла – топтық дивизион бойынша ІІІ орын.

Жетекшісі: Оралханова Перизат

👏 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз көп болсын!

Еліміздің тарихын дәріптеуге қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!