Мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Наурыз мерекесіне арналған тағылымы мол, тәрбиелік мәні жоғары іс-шара өтті. Оқушылар қазақтың салт-дәстүрлерін жаңғыртып, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлер кеңінен насихатталып, оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, мерекелік атмосфера қалыптасып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Бұл мереке – бірлік пен татулықтың, жаңару мен ізгіліктің символы екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Баршаңызды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! ![]()
KZ
