Skip to content

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы мен “Ақбота” бөбекжайы арасындағы сабақтастық жоспары аясында “Наурыз Fest” атты тағылымы мол, мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Наурыз мейрамының мән-маңызын түсіндіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрлерді жаңғырту және ұйымдар арасындағы байланысты нығайту.

Мерекелік шара барысында қатысушылар 4 ауылға бөлінді:

✨ «Ән тербеген ауыл»

✨ «Ақбота ауылы»

✨ «Батырлар ауылы»

✨ «Салт-дәстүр ауылы»

Әр ауыл өз өнерлерін көрсетіп, ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрлерден көрініс қойып, ән мен жырдан шашу шашты. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ұлттық рухты жаңғыртқан бұл мереке – бірлік пен татулықтың, ізгілік пен жаңарудың жарқын көрінісі болды.