Ы. Алтынсарин бағдарламасы бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс-сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға аутодеструктивті мінез-құлық ұғымын түсіндіру, қауіп факторларын анықтау және өмірлік қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс барысында оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, өмірлік жағдаяттар талданды, психологиялық кеңестер берілді. Сабақ оқушылардың өз эмоцияларын тануына, стресске төзімділігін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
Мұндай дәріс-сабақтар жасөспірімдердің психологиялық саулығын нығайтып, өз өміріне жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді.
KZ
