Skip to content

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы 9–11 сынып қыз балалары «Қыз бала тәрбиесі – ұлт болашағы» атты кездесу кешіне қатысты.

Іс-шараның мақсаты – қыз балаларға ұлттық тәрбие беру, инабаттылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке баулу, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесу барысында қыз бала тәрбиесінің маңызы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қыздардың қоғамдағы орны мен рөлі туралы мазмұнды пікірлер айтылды. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор кеңестер берді.

Г. Рамашева қыз бала тәрбиесінің ұлттық құндылықтардағы орны мен отбасындағы рөлі туралы сөз қозғады.

Г. Байгуренова «Зорлық-зомбылықтың алдын алу, кибербуллинг және некеге мәжбүрлеудің құқықтық негіздері мен жауаптылық», сондай-ақ «Жеке шекара және қауіпсіз қарым-қатынас» тақырыптарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Г. Ізтілеуова салауатты өмір салтын қалыптастыру және психологиялық көмек көрсету жолдары туралы ақпарат берді.

Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы ұсыныстар айтылды. Кездесу кеші тағылымды әрі әсерлі өтті. ✨