Skip to content

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен “Ақбота” бөбекжайы арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес интеграциялық ашық сабақ өткізілді.

Ашық сабақты мектепалды сынып жетекшілері Оралбаева Нургуль, Түлеуова Жадыра және Мукашева Гүлшат ұйымдастырып өткізді.

🩺 Тақырыбы: «Біздің басты байлығымыз – денсаулық»

🎯 Мақсаты:

Балаларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру.

👥 Сабаққа арнайы қонақтар шақырылып, өз салалары бойынша пайдалы мәліметтермен бөлісті:

👩‍🍳 Мектеп аспазы Таңатова Әдемхан – дұрыс тамақтану туралы әңгімеледі;

🤸 Дене шынықтыру пәні мұғалімі Азанова Әсем – қимыл-қозғалыстың денсаулыққа пайдасын көрсетті;

👩‍⚕️ Мектеп мейірбикесі Балғабаева Алтынай – денсаулықты сақтау жолдарын түсіндірді;

👩‍🏫 “Ақбота” бөбекжайының тәрбиешісі Борашева Гүлжан – сабақтастықтың маңызын атап өтті.

👶👦 Интеграциялық сабаққа мектепалды даярлық сыныптарынан 4 оқушы, бөбекжайдан 4 тәрбиеленуші қатысты.

✨ Сабақ өте қызықты, танымды және балалар үшін пайдалы форматта өтті.

Денсаулық – ең үлкен байлық! 💚