Skip to content

Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді.

Мерекелік шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар мен мектеп бітіруші түлектер қатысты.

Салтанатты жиында мектеп директоры Икаева Ұлболсын Камидуллаевна құттықтау сөз сөйлеп, жас түлектерге сәт-сапар тілеп, үлкен өмір жолында табыс пен биік белестерге жете берулеріне ақжарма тілегін білдірді. Сонымен қатар, оқу мен қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар мен ұстаздар марапатталды.

Кеш барысында оқушылардың әсем әндері шырқалып, жүрекке жылы естеліктер сыйлаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Салтанатты шара түлектердің соңғы қоңырау соғу рәсімімен қорытындыланды. 🔔

Құрметті түлектер!

Алдағы өмір жолдарың ашық, армандарың асқақ болсын! Қанаттарың талмай, биіктерді бағындыра беріңдер!