Skip to content

Жас мамандар апталығы аясында директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Калымбаева Эльмира «Тиімді сабақ – сапалы білім кепілі» тақырыбында коучинг өткізді.

Коучинг барысында мұғалімдерге сабақты тиімді жоспарлау, оқыту әдістерін дұрыс таңдау және білім сапасын арттыру жолдары таныстырылды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, түрлі әдіс-тәсілдерді талқылап, өз ойларымен бөлісті.

Практикалық тапсырмалар арқылы педагогтер өз дағдыларын жетілдіріп, жаңа идеялармен толықты. Коучинг мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, мұғалімдердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізді.