Skip to content

Жас мамандар апталығы аясында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынбасарова Мадина 7 «А» сыныбында «Ұлы ерлікке тағзым» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында оқушылар ерлік, батырлық ұғымдарының мәнін ашып, тарихи тұлғалар мен олардың жасаған ерліктері туралы ой бөлісті. Мәтінмен жұмыс жасап, талдау жүргізіп, өз көзқарастарын дәлелдей білді.

Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған сабақ оқушылардың қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін нығайтты. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылығы айқын көрінді.