Skip to content

Жас мамандар апталығы аясында МАД «Б» тобының мұғалімі Оралбаева Нургуль «Ас атасы – нан» тақырыбында ұйымдастырылған сабақ өткізді.

Сабақ барысында тәрбиеленушілер нанның дастарханға қалай келетінін танып, оның қадір-қасиеті мен маңызы туралы мағлұмат алды. Түрлі ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы балалардың танымдық қабілеттері дамытылып, еңбекке деген құрмет сезімі қалыптастырылды.

Шара мазмұнды әрі тартымды өтіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.