Мектебіміздің «Жасыл желек» табиғат жанашырлары құстарға ұя жасау акциясын ұйымдастырды. Бұл игі іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және құстарға қамқорлық жасауға баулу.
Акция барысында оқушылар өз қолдарымен ағаштан құс ұяларын жасап, мектеп ауласына және жақын маңдағы ағаштарға орналастырды. Әр ұя – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің белгісі.
Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың борышымыз.
Бірге қамқор болайық!
«Жасыл желек» мүшелері алдағы уақытта да табиғатты қорғауға бағытталған игі бастамаларды жалғастырады.


KZ
