Күн балалардың сергітетін таңғы жаттығуынан басталды. Одан кейін дәмді таңғы ас ішіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйірме жұмыстарына қатысты. Түскі асқа дейін балалар өз қызығушылықтарына қарай түрлі бағыттағы үйірмелерде білімдерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Бүгін лагерь тәрбиеленушілері:
«Сиқырлы сахна» драма үйірмесіне,
«Эврика BOOM» үйірмесіне,
«Менің көңіл күйім – менің әлемім» үйірмесіне,
«Шебер қолдар» қолөнер үйірмесіне қатысып, белсенділік танытты.
Балалар жаңа білім алып, қызықты тәжірибелер жасап, шығармашылық жұмыстармен айналысты. Күннің екінші жартысында дәмді түскі ас ішіп, көтеріңкі көңіл-күймен демалыстарын жалғастырды.
Лагерьдегі әр күн балалар үшін қуанышқа, достыққа және жаңа жетістіктерге толы болмақ!
KZ
