«Ұлттық тарих күні» – Қазақстан тарихын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды ұлттық жоба. 15.04.2026
Дүйсенбі күні мектебімізде 5–11 сынып оқушыларына арналған жалпы мектептік линейка өткізілді. Линейка барысында мектептегі тәртіп, оқушылардың мектеп формасын сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. 15.04.2026
«Заңды құрметтейтін ұрпақ» жобасы аясында мектепте аудандық прокуратура өкілдерімен кездесу-жиналысы өтті. 13.04.2026
«Эстетика – адамның рухани байлығы» атты эстетика пәндер апталығы аясында АӘД пәні мұғалімі Сафиев Нұрлыбек 10 «Ә» сыныбында «Тыныс алу жолдарын қорғау құралдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 08.04.2026
«Эстетика – адамның рухани байлығы» атты эстетика пәндер апталығы аясында мектебіміздің психолог мамандары Төлеуова Айдана мен Жиембаева Айгерім оқушыларға арналған көңілді үзіліс ұйымдастырып, түрлі қызықты ойындар ойнатты. 08.04.2026
2 сәуір – Балаларға арналған халықаралық кітап күніне орай мектеп кітапханашылары “Кітап – ғажайып әлем” атты танымдық сағат өткізді. Оқушылар жұмбақтар шешіп, жаңылтпаш оқып, мақалдардың жалғасын тапты. Сондай-ақ, балалар ақын-жазушылар шығармаларымен танысты. Шара соңында белсенді оқушылар тәттілермен марапатталды. 06.04.2026
“Кітап оқу лидері” сайысына қатысушы оқушылар кезекті аптаның шығармаларын оқып, әңгімелеп беруде. 06.04.2026
«Эстетика – адамның рухани байлығы» атты эстетика пәндер апталығы аясында бастауыш сынып оқушылары арасында «Бастауыш барысы» атты ұлттық күрес сайысы өтті. 06.04.2026